Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Архив Сайлау-2023

«Ақ жол» демократиялық партиясы Қосшы қаласының тұрғындарымен кездесті

Республикалық штабтың мүшесі Берік Дүйсембинов, бір мандатты округ бойынша «Ақ жол» демпартиясы атынан үміткер Меруерт Қазбекова және жергілікті мәслихат депутаттығына кандидаттар Қосшы қаласының тұрғындарымен кездесті.

09.03.2023
Сайлау-2023

Кездесу барысында Берік Дүйсембинов жиналғандарды партияның саяси бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды. «Ақ жол» демпартиясының бастамалары мен парламентте атқарылған жұмыстарына тоқталды. Астана іргесіндегі қалалар мен елді мекендердің инфрақұрылым мәселелерін көтерді.

Кандидат «Ақ жол» партиясы бұл мәселелерді шешу үшін Парламенттің мемлекеттік бюджетті бекіту мен бақылаудағы өкілеттігін күшейту қажет деп санайтынын атап өтті. Себебі, кез келген мәселені шешудегі мемлекеттің мүмкіндіктері бюджетпен анықталады. Мемлекет тыңдап ғана қоймай, мәселені шеше де білуі керек. Проблемаларды көтеріп, өтініштерді қабылдау жеткіліксіз, қоғам күткен нақты қадамдарға қол жеткізу әлдеқайда маңызды. Сондықтан, Үкімет келісімінсіз Парламенттің сайлаушылардың қажеттіліктеріне қаражат бөле алатын құқығы болуы керек.

Жиналғандар ауыз су, электр энергиясының бағасы, жол жағдайы, қоқыс шығаруға қатысты сұрақтар қойды.

Қосша тұрғындары «Ақ жол» демпартиясы кандидаттарына Парламентке өтуге тілектестік білдіріп, қаланың тұщы су мәселесін көтеруді өтінді. Өйткені жергілікті билік жылдар бойы құдық мәселесіне көз жұмып келеді. Тұрғындар партияның саяси бағдарламасын қолдап, «Ақ жол» кандидаттарына жеңіс тіледі.

Тегтер: Ақ жолҚосшыхалықпен кездесу

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жасөспірімдерге арналған жазғы жұмыс бағдарламасы басталады

Қорлан Нұрланқызы
25.05.2026

Алматы облысында соңғы қоңырау соғылды: 20 мыңнан астам түлек үлкен өмірге қадам басты

Қорлан Нұрланқызы
25.05.2026

Құрбан айт: Алматы облысында қауіпсіздік пен санитариялық талап күшейтіледі

Қорлан Нұрланқызы
25.05.2026

Соңғы қоңырау-2026: 3,9 миллионнан астам оқушы оқу жылын аяқтады

Қорлан Нұрланқызы
25.05.2026

Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Қорлан Нұрланқызы
25.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz