Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Архив Сайлау-2023

AMANAT: Алматы облысында үш ауысымда оқу мәселесін шешу үшін 63 мектеп салынады

Бүгін «AMANAT» партиясы атынан Алматы облыстық мәслихаты депутаттығына үміткер Билалдин Ушуров Талғар ауданындағы Бесағаш ауылына барып, №28 орта мектебінің ұстаздарымен кездесті.

22.02.2023
Сайлау-2023

Келелі кездесуде облыстық «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, оның 4 бағыты түсіндірілді.

Білім беру – өңірді дамытудың ең өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан партия бұл бағытта тиісті жұмыс жоспарын құрды. Алда бағдарлама шеңберінде кадр тапшылығы мәселелесі шешіліп, балаларды сапалы білім нәрімен сусындатуға жағдай жасалады. Ол үшін облыста үш ауысымды мектептер жойылады. Қазіргі таңда олардың саны — 52.

«Алматы облысында 6,7 мың оқушы орны жетіспейді. Алдағы уақытта Іле, Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Талғар аудандарында және Қонаев қаласында 68,2 мың орындық 63 білім ошағы салынады. Сонымен қатар, тозығы жеткен мектептердің мәселесі шешіледі. Мұндай 40-қа тарта нысанға жөндеу жүргізіледі», − деді жиында Билалдин Ушуров.

Кандидат білім саласындағы өзге де жоспарларды тізіп шықты. Жаңашылдықтардың барлығы педагогтарға жағдай жасау және оқушылардың сапалы біліммен қамтылуына арналғанын жеткізді. Сонымен қатар, үміткер ұстаздармен еркін әңгімелесті. Олардың сұрақтарына жауап беріп, толғандырған мәселелерін тыңдады.

Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Тегтер: AMANATАлматы облысыҚонаевпартиясайлау

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүгері жинау науқаны қызу жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Қонаевта шетелдік университеттердің білім көрмесі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

«Таза Қазақстан»: жыл басынан бері абаттандыру ережесін бұзудың 2740 дерегі анықталды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы мен облысты байланыстыратын жолдар кеңейтіледі: Үкімет ірі жобаларды тексерді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа тәсілі қолға алынды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz