Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Архив Сайлау-2023

Алматы облысының әкімі өзінің таңдауын жасады

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласындағы №949 сайлау учаскесінде дауыс берді.

19.03.2023
Сайлау-2023

«Құрметті жерлестер, бүгін мен өзімнің құқығымды пайдаланып, осы сайлау учаскесінде дауыс бердім. Жалпы бұл сайлау бәріміз үшін ерекше, өйткені аралас жүйемен өтіп жатыр. Бүгінгі сайлауға Алматы облысының халқы белсенді қатысып жатыр. Сайлауда әрбір дауыс маңызды», — деді облыс әкімі тілшілерге берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол әр тұрғын өзінің азаматтық борышын өтеуі керек екенін айтты.

«Қазақстанның келешегі адамдарға маңызды болса, онда азаматтық позицияны білдіру сайлаудан басталады деп ойлаймын. Сайлаудан кейін саясаткерлердің жаңа буыны қалыптасады. Себебі, үміткерлердің арасында бұрын сайлауға түспегендер және жастар көп. Бұл деректің өзі жаңа буын қалыптасуына әсер етеді», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Өңір басшысы сұхбатының соңында жұртшылықты Әз-Наурыз мерекесімен құттықтап, сайлауға қатысуға шақырды.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚонаев қаласыМарат Сұлтанғазиевсайлау2023

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүгері жинау науқаны қызу жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Қонаевта шетелдік университеттердің білім көрмесі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

«Таза Қазақстан»: жыл басынан бері абаттандыру ережесін бұзудың 2740 дерегі анықталды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы мен облысты байланыстыратын жолдар кеңейтіледі: Үкімет ірі жобаларды тексерді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа тәсілі қолға алынды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz