Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде экотуризмді дамытуға арналған бастамалар қолға алынды. Бұл табиғатты сақтауға бағытталған үлкен қадам.
Шарынға жұмыс барысымен барған журналистер де экологиялық бастаманы қолдап, шатқал аумағында бозарша өсімдігінің тұқымын сеуіп, табиғатты сақтауға өз үлестерін қосты.
«Мен Шарын шатқалына алғаш рет келдім. Алған әсерім керемет. Қазақсттаның, әсіресе Алматы облысының таңғажайып табиғатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес шығар. Жергілікті атқарушы органдардың осы сұлулықты сақтап қалуға шара қолданып жатқаны қуантады. Біз де табиғатты аялауға сәл де болсын өз үлесімізді қостық деп ойлаймын», — деді Alataunews.kz ақпарат агенттігінің тілшісі Балнұр Асанова.
Сондай-ақ, визит-орталық аумағында «Таза Қазақстан» акциясы аясында, жас көшеттер отырғызылып, ұлттық парктің жасыл желегін көбейтуге бағытталған шара жүзеге асырылды.









