«Жайлы мектеп» жобасы аясында облыста 2024-2025 жылдарға 63 мектеп салу жоспарланған. Оның 37-сі үш ауысымды оқу ошақтарының орнына салынады. Ал Қарасай ауданы туралы айтсақ, мұнда 8 мектеп бой көтереді», — деді облыс әкімі.
Сонымен қатар ол жыл соңына қарай Үштерек, Алмалыбақ, Іргелі ауылдарында 600 оқушыға арналған 3 мектеп қолданысқа берілетінін айтты.
Ал 2023 жылы Қаскелең қаласында, Шамалған, Әйтей және Жармұханбет ауылдарында 3 600 оқушыға арналған мектептердің құрылысы аяқталады.