Қытайлық инвесторлар Алматы облысының энергоинфрақұрылымын дамытуға инвестиция салуға ниетті, деп хабарлады Алматы облысының өңірлік даму орталығы.
«China Power International Holding Limited» халықаралық холдингтік компаниясы Балқаш ауданында 500 МВТ-қа «Күн электр станциясының құрылысы» және Еңбекшіқазақ ауданында 500 МВТ-қа «жел электр станциясының (ЖЭС) құрылысы» жобаларына инвестиция салу мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Сондай-ақ, компания «жел станциялары қалағын шығаратын зауыт салу» жобасын іске асыруға дайын. Олардың айтуынша, Алматы облысы осы жобаларды іске асыру үшін ең қолайлы алаң, бұл шағын елді мекендерді энергиямен жабдықтауға ықпал етеді.
«China Power International Holding Limited» холдингі өзінің еншілес компаниялары арқылы көмір электр станциясына, гидроэнергетикаға, атом электр станциясына және жаңартылатын энергия көздеріне иелік етеді.