Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Шамалған тұрғындары газ бағасының өсуіне байланысты тағы наразылыққа шықты

Бұл туралы Алматы телеарнасы жазды.

26.01.2023
Аймақ

Алматы облысына қарасты 7 ауылдық округ халқы Шамалған ауылына жиналып, «көгілдір отынға көп ақша төлеп жатырмыз» деген шағымын аудан әкіміне жеткізді. Олар ай сайын газға төленетін ақы екі есеге өскеніне наразылық білдіріп, жауапты компания қызметінен бас тартқысы келіп отыр. Ал Қарасай ауданы прокуратурасы бұл жайтқа қатысты тексеріс басталғанын мәлімдеді.

Телеарна мәліметінше, Шамалғанның Мәдениет үйіне мәселесін айтып келгендер газ компаниясын қызметін сынға алған. Олар газ құбырын тарту үшін де қомақты қаражат жұмсалатынын айтқан.

Қордаланған мәселені шешуге келген Қарасай ауданы әкімі түйткілдің бір күнде шешіле қоймайтынын айтқан. Өйткені бұл жайтқа қатысты құзырлы органдар тексеріс бастаған.

«Мынадай шешімге келдік. Қазір антимонополиялық органның қорытындысын күтеміз. Олар өз бағасын нақты айтады. Осы кісілерге баяндаймыз. Газсыз қалмас үшін оны төлеу керек. Егер антимонополиялық орган артық тариф қойды десе, сол ақшаның бәрін халыққа міндетті түрде қайтарып береміз», — деді Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов.

«Халық наразы болғандықтан, талдау жасадық. Талдау жасау барысында заң бұзылған. Басқарма монополиясына ұсыныс берілді. Осы ұсынысқа байланысты монополия тексеруі қажет. Сол тексеру нәтижесі тариф, бағаны рәсімдеу немесе төмендету немесе заңды екенін көрсетеді», — деді Қарасай аудандық прокурорының орынбасары Заманбек Асыланбек.

Ал жұмысы сынға қалған газ компаниясының өкілдері көгілдір отынға берешегі бар бұқара қалайда тариф құнын төлеуі керегін айтып отыр. Олай болмаған жағдайда ескерту жасалады. Төленбесе, жауапты мекеменің құбырды кесіп кетуіне де құқы бар екен.

«34/7 деген бағамен оны төлеу керек. Қаңтардан бастап 33/25 деген баға бекітілді. Монополияға қарсы комитет бір ай ішінде жауабын шығарады, тарифпен таныстырады», — деді «Сигма-газ» ЖШС директорының орынбасары Данияр Әшімхан.

Айта кетейік, мұнда көгілдір отын мәселесі 9 қаңтарда басталған. Халық бұл мәселені айтып, екінші рет бас қосқан. Талап-тілек тыңдалған, тиісті шешім тексерістен соң белгілі болады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтаргазҚарасайрақымшылық

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

19 ақпаннан бастап күшіне енді: қызылша анықталса, екпе алмаған балалар мектепке бармайды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Демалыс күндері ауа райы өзгереді: боран, жаңбыр және қатты аяз болжанды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы таныстырылды:

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz