«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, жануарлардың кесірінен болатын жол-көлік оқиғалары жиі тіркелген республикалық автожолдардың учаскелерінде жануарлардың макеттері орнатылған. Биыл бұл жұмыс Павлодар және Қостанай өңірлерінде орналасқан республикалық тасжолдарда алғаш рет қолға алынып, қауіпті учаскелерге 40-қа жуық жаңа макет орналастырылды.
Ескерту макеттері түнгі уақытта және ауа-райы қолайсыз болғанда анық көрінуі үшін оларға жарық шағылыстыратын арнайы элементтер жапсырылады. Бұл – жолға назар аудару қажеттігін еске салудың, қауіпті учаскелердегі жылдамдықты төмендетудің тиімді тәсілі.
Жануарлардың макеттері осыған дейін Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарының республикалық жолдарының бойына орнатылған болатын.