Таңнан бері ауыл тұрғындары учаскеге келіп, өз таңдауларын жасауда. Солардың арасында ел ағасы, 92 жастағы ауыл ақсақалы Әкімхан Әбілбекұлы да бар.
– “Бүгін, міне, Қайнар ауылында сайлау өтіп жатыр. Ұйымдастырушылар мен барлық қызмет етіп жатқан азаматтарға рақмет. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Аман болыңдар. Елің үшін, жерің үшін қызмет істей беріңдер”, – деп пікір білдіріп батасын берді ақсақал.
Ұрпаққа үлгі боларлық азаматтың бұл сөзі ауыл тұрғындарын ерекше рухтандырды. Сайлау үдерісі заң талаптарына сай, қалыпты жағдайда өтіп жатыр. Учаскеде бақылаушылар мен комиссия мүшелері жұмысын атқаруда.
Естеріңізге сала кетейік, дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.






