Әкімнің айтуынша, 2026 жылы Департаменттер үйі, Оқушылар сарайы, Прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті ғимараттарының құрылысы қолға алынады. Аталған нысандардың тапсырыс берушісі – Алматы облыстық құрылыс басқармасы.
«Барлық нысандар Бас жоспарға сәйкес, Алматы – Өскемен республикалық маңызы бар күре жолының бойында орналасады», – деді қала басшысы.
Сонымен қатар Қонаевта спорт кешенін салу мәселесі де қарастырылып жатыр. Бұл бағытта Самұрық-Қазына АҚ өкілдерімен келіссөздер жүргізілмек.
Бұдан бөлек, қалада бірнеше жылдан бері өзекті мәселе болып келген кәріз-тазарту жүйесінің құрылысы да биыл басталуы мүмкін. Әкімнің сөзінше, ауқымды жоба мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жүзеге асырылады. Тапсырыс беруші – Алматы облысының салалық басқармасы.
«Құрметті депутаттар, менің ойымша, тек ауызбіршілік арқылы ғана ортақ жұмыстың нақты нәтижесін көре аламыз. Биылға жоспарларымыз өте көп. Осы бағытта сіздердің қолдауларыңызға сенеміз», – деді Асхат Бердіханов.
Айта кетейік, жуырда Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында жаңа театр салынатынын мәлімдеген болатын.






