Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Қонаевта тұмауға қарсы 2000-нан аса адам вакцина алды

1 қазанда тұмауға қарсы вакцина егу науқаны басталғалы қалада 2260 адам екпе алған. Бұл туралы Alataunews.kz тілшісіне Қонаев қалалық ауруханасының дәрігер-терапевті Зүбәйра Сарсенова айтты.

10.10.2022
Аймақ

«Вакцинаны ауру өршитін маусымы басталмас бұрын алған жөн. Өйткені вирусқа қарсы иммунитет қалыптасуы үшін екпеден кейін кем дегенде 2 апта өтуі қажет. Біздің ауруханада вакциналау науқаны 1 қазан күні басталды. Вакциналау 30 қазанға дейін жалғасады. Осы уақытқа дейін 2260 адам вакцина алды. Екпе тегін әрі медициналық сақтандыруы жоқ тұрғындарға да салынады», — деді дәрігер.

Вакцина 18 бен 64 жас аралығындағы адамдардың шамамен 60 пайызын тұмау жұқтырудан қорғап қалады. Ауру өршісе өлімге әкелуі мүмкін.

Респираторлық ауру тудыратын вирус түрлері күзгі-қысқы маусымдарда, яғни, суық және құрғақ ауада тез таралады. Соның бірі – тұмау.

«Тұмау ЖРВИ тобына жатқанымен, оны суық тиюмен шатастырмау керек. Себебі, бұл аурудың түрі өкпе, жүрек, ми қабынуына әсер етеді. Тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Тұмау, әсіресе, егде адамдар, балалар мен жүкті әйелдер, диабет, жүрек ауруы немесе кез келген созылмалы ауруға шалдыққан науқастар үшін қауіпті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, жыл сайын 60 мыңға жуық адам (жасы 65-тен асқан) тұмаудан қайтыс болады», — деді Зүбәйра Сәрсенова.

Тегтер: вакцинаҚонаевтұмау

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

19 ақпаннан бастап күшіне енді: қызылша анықталса, екпе алмаған балалар мектепке бармайды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Демалыс күндері ауа райы өзгереді: боран, жаңбыр және қатты аяз болжанды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы таныстырылды:

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz