Top.Mail.Ru
Понедельник, 2 февраля, 2026
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Home Аймақ

Қонаевта инфрақұрылым мен абаттандыру жұмыстарының жылдық қорытындысы жарияланды

Қонаев қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТҮКШ) бөлімі өткен жылдың қорытындысын жариялады, деп хабарлайды alataunews.kz.

by Қорлан Нұрланқызы
14.01.2026
in Аймақ, Алматы облысы

Жыл бойы қалада инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, абаттандыру, санитарлық тазалықты күшейту және жағажайларды күтіп ұстау бағытында кешенді жұмыстар жүргізілген.

ТҮКШ бөлімінің мәліметінше, Саяжайлар, Гүлдер, 8–10, Мостоотряд, 18 және 4-шағынаудандарда 206 жарық шамы ауыстырылып, 11 мың метрден астам электр желісі жөнделді. Қала бойынша 20 бағана жаңартылып, 3 мың дана жарық шамы орнатылды, сондай-ақ 4 мың метрден астам электр желісі ауыстырылған.

«Тарифті инвестицияға айырбастау» жобасы аясында 2158 метр ауыз су құбыры мен 1806 метр кәріз желісі жаңартылды. Жылыту маусымына дайындық барысында 2057 метр жылу желісі жөнделді.

Инженерлік инфрақұрылымды дамыту мақсатында ТҮКШ бөлімі 53 жобаны қолға алған. Оның ішінде газдандыру, 8–10-шағынаудандарда ауыз су мен кәріз желілерін тарту, Шеңгелді ауылында су құбырын жүргізу, «Арна» қосалқы станциясын салу және кәріз-сорғы станцияларын жаңғырту жобалары бойынша құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр.
Ал «Қапшағай» және «Көкшіл» қосалқы станцияларын салу, Заречный шағынауданында кәріз желілерін жүргізу жобалары мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алған.

Қалада 55 метрлік флагшток орнатылып, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 15 аумақ абаттандырылды. Бұдан бөлек, 165 мекенжайда балалар алаңдары, тротуарлар, тұрғын үйлер маңы және қоғамдық орындар жөнделді. Алматы–Қойшыманов көшесінде жаңа сквер салынды, жағажай спортына арналған алаң жаңартылды.

№5 жағажайда тазалық жұмыстарына күнделікті 20 адам мен 5 техника жұмылдырылып, 30 қоқыс жәшігі, 40 бөшке және 25 контейнер орнатылды. Қосымша 6 құтқару посты ашылып, жағажайда 20-дан астам құтқарушы мен медициналық пункт қызмет көрсетті. Сондай-ақ 6 дәретхана, 5 жуынатын және 6 киім ауыстыратын орын жұмыс істеді.

№6–7 жағажайларда 7 құтқару посты қойылып, 20 құтқарушы қызмет атқарды. Тазалыққа күн сайын 15 адам мен 2 техника тартылып, 45 қоқыс жәшігі мен 10 контейнер орнатылды. Сонымен қатар 40-тан астам кәсіпкермен келісімшарт жасалып, 4 дәретхана жұмыс істеген.

Жыл ішінде 27 стихиялық қоқыс орны жойылып, дератизация, ағаштарды биологиялық өңдеу және масаларға қарсы дезинсекция жүргізілді. Қалада 30 мыңға жуық ағаш пен 60 мың гүл егілді. Жасыл желектерді суаруға 12 қызметкер мен 6 техника жұмылдырылды.
Саябақтар, скверлер мен көшелерден жалпы көлемі 90 мың текше метр қоқыс шығарылып, тазалық жұмыстарына 40-тан астам адам мен 15 техника тартылды. Сонымен қатар 21 үйдің шатыры жөнделіп, 15 үйдің қасбеті сырланды. Тұрғындардан санитарлық жағдайға қатысты 458 өтініш түсіп, барлығы орындалған. Қоқыс полигоны аумағында су резервуары салынып, нысан қоршалды.

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, аталған бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын табады.
Ақпарат Қонаев қаласы әкімдігі ТҮКШ бөлімінің мәліметіне негізделген.

Tags: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Ұсынымдар

Желіде тараған Конституция туралы жалған ақпаратқа полиция пікір білдірді

02.02.2026

Алматы облысында 552 шақырым суару желісі жаңғыртылады

02.02.2026

Қазақстанда биік тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдау талаптары қатаңдатылды

02.02.2026

Тоқаев 3-4 ақпан күндері Пәкістанға барады

02.02.2026

Желіде тараған ЭЦҚ туралы ақпаратқа министрлік түсініктеме берді

01.02.2026

Жаңа Конституцияның жобасы жарияланды

31.01.2026
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Рус

© 2022-2024 www.alataunews.kz