Мерекелік іс-шара сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады. Қала тұрғындары мен қонақтарын шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өтетін концерттік бағдарлама, аниматорлар ұйымдастыратын ойын-сауықтар, сондай-ақ балалар мен ересектерге арналған түрлі байқаулар күтеді.
Кештің шарықтау шегі ретінде қаланың басты шыршасындағы шамдар салтанатты түрде жағылады. Одан кейін көрермендер үшін мерекелік шоу мен қысқы аспанды жарқырата түсер отшашу ұйымдастырылмақ.
Қонаев қаласының әкімдігі тұрғындар мен қала қонақтарын мерекелік кешке қатысып, жаңа жылдық көңіл күйге бөленуге және жылдың ең сиқырлы мерекесінің жақындағанын бірге сезінуге шақырады.






