Рәсімнің шымылдығы қариялардың ақ батасымен ашылып, өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады. Облыс әкімі 1-шағын аудандағы 17-үйдің ауласына жасыл желек егіп, қазақтың 7 түрлі дәмі қойылған дастарханнан ауыз тиді.
Айта кетейік, биыл Алматы облысында Әз-Наурыз мерекесі ерекше атап өтіледі. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев аудандарды аралап, салтанатты шараларға қатысады.