Ауыз су 27 қарашада сағат 17:30 тоқтаған. Себебі су сорғы құралы жанып, істен шыққан. Қысымның болмауынан көпқабатты үйдің жоғарғы қабатына су деңгейі көтерілмей тұр. Бұл міндетті «Bey azh trans» ЖШС өзіне алған.
«Біз суға жауапты сала басшысына хабарластық. Мұнарадағы сорғыны ауыстыру үшін үлкен кран керек. Күннің суығынан солярка қатып, кран келмей жатыр. 1-2 сағатта кран көлігі келу керек. Келген бойда су сорғы құралы ауыстырылады», — деді Ұмтыл ауылдық округінің әкімі Серік Қалижанұлы.
Бұдан бөлек Жалпақсай ауылының тағы бір су заборында да апат орын алды. Салдары тексеріліп жатыр.