Мамандар ірі балықтар судағы оттегі тапшылығынан қырылған дейді. Өйткені су қоймасын жалға алғандар мұзды теспеген. Қарағандыдан 300 шақырым жердегі Қарқаралы ауданында орналасқан көлді көптен бері жергілікті кәсіпкер пайдаға жаратып отыр. 200 гектар аумағы бар көлде балықтың түр-түрі бар.
Шенеуніктер осыған дейін оның жұмысында мін болмаған дейді. Бүгін көлдің жағдайын тексеруге облыс орталығынан экологтар, ветеринарлар мен балық шаруашылыған бақылау қызметінің өкілдері шықты. Су жәндіктерінің нақты неден қырылғаны тек тексеріс нәтижесінен кейін белгілі болмақ.