Айта кетейік, Майқайыңдағы кен байыту комбинаты 19-ақпан күні жұмысын тоқтатқанын ресми хабарлаған. Себебі кен орнында руда қорының таусылған. Осы уақытқа дейін шахтада қызмет ететін мыңнан аса жұмысшы мәжбүрлі демалысқа жіберіліп, оларға сәуір айына дейін 50% жалақы төлеу қарастырылған еді.
«Кешеден бері комбинат жұмысын қайта жалғастырып жатыр. Руданы осы аумақтағы «Сувинерный» кенішінен алатын болдық Алғашқы төрт жарым мың тонна кен жеткізілді. Дүйсенбі күні аталған кеніштен бірнеше ай бойы шикізат алып отыру үшін келісім шарт жасалады», — дейді «Майқайыңалтын» АҚ бас директоры Қуаныш Ботин.
Әзірге жұмысқа 750 адам қайта оралды. Өйткені, апатқа байланысты екі айдан бері шахта жұмысы тоқтап тұр.