Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Облыс әкімі ардагерлерді құттықтады

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласы мен Алға ауылында тұратын ҰОС ардагерлерінің үйіне арнайы барып, мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

09.05.2023
Аймақ
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

Қонаевта өткен салтанатты шарадан соң облыс әкімі 103 жастағы ардагер Оксана Бетебаеваның үйіне барды. Кейуананы мерекесімен құттықтаған өңір басшысы әжеге гүл шоғы мен сый-сияпат табыс етті.

Фото: Аслан Қажеке

Оксана Бетебаева 1920 жылы 7 қазанда дүниеге келген, Полтавадағы фронт қатарына 1941 жылы 26 маусымда қосылған. Ол соғыста екі рет жарақат алған. Ардагер 2-дәрежелі ҰОС орденімен, Украина және Қазақстан Республикасы Президентінің төсбелгісімен марапатталған.

Марат Сұлтанғазиев жеке құттықтаған келесі ардагер Солтанбай Жарықбасов Еңбекшіқазақ ауданы Алға ауылында тұрады. Ол 1925 жылы 17 ақпанда осы ауылда дүниеге келген. 1943 жылдың қаңтарында Ташкенттегі мергендер курсында оқып, сәуір айында әскерге аттанған. Забайкалье майданындағы 25-қызыл тулы механикаландырылған бригаданың құрамындағы пулемет бөлімшесінің командирі болған. Жапондықтарға қарсы соғысқа қатысқан.

Фото: Аслан Қажеке
Фото: Аслан Қажеке

Соғыстан кейінгі жылдары Солтанбай Жарықбасов мұғалімдік және мектеп директоры қызметтерінде болған. Қазірде Бәйтерек ауылдық округі ақсақалдар алқасының төрағасы. Ардагер 1-дәрежелі «Отан соғысы» орденімен және Ұлы Жеңістің мерейтойлық, мерекелік медальдарымен марапатталған. Ақсақал сегіз баласынан немере-шөбере сүйіп отыр. Үлкен әулетке 2014 жылы Алматы облысы бойынша «Мерейлі отбасы» атағы берілген.

Тегтер: Алматы облысыардагерҚонаев қаласықұттықтауМарат СұлтанғазиевҰОС

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

19 ақпаннан бастап күшіне енді: қызылша анықталса, екпе алмаған балалар мектепке бармайды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Демалыс күндері ауа райы өзгереді: боран, жаңбыр және қатты аяз болжанды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы таныстырылды:

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz