Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Көлігіне ағашпен жағылатын пеш жасап алған зейнеткерге айыппұл салынды

Полицейлер видеодағы «өнертапқышты» анықтап, ұстады. Аталған тұрғын көлігін өз бетінше өзгертіп, бұған дейін де ұсталғаны белгілі болды.

31.01.2023
Аймақ

Алматы көшелерінің бірінде түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. 68 жастағы көлік иесі машинасының артқы жағына пеш орнатып алған, екі жағында газ баллондары бар. Бағдаршамға тоқтаған бойда ол көлігінен түсіп, лаулап жатқан пештің ішіне тағы ағаш салады.

«Көлік құралын пайдалану ережелерін бұзған жүргізушіні анықтауға бағытталған тексеру шаралары аясында, Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасына сәйкес шаралар қабылданды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 7-бөлігі бойынша материал жинақталды. Көлік мамандандырылған айып тұрағына қойылды. Нақтырақ айтсақ, бұл жолы автокөлік жүргізушісі салонның ортасына ашық отты пеш жасап, екі жағына газ баллондарын орналастырған. Мұндай көлікті басқару – ең алдымен, оның иесіне, жолаушыларға және басқа да жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіретіні анық», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Зейнеткерге айыппұл салынды.

Тегтер: айыппұлалматызейнеткер

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

19 ақпаннан бастап күшіне енді: қызылша анықталса, екпе алмаған балалар мектепке бармайды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Демалыс күндері ауа райы өзгереді: боран, жаңбыр және қатты аяз болжанды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы таныстырылды:

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz