Іле ауданы Түймебаев ауылының № 20 мектебіндегі Алматы облысы әкімінің орынбасары Майлыбаевтың жасаған іссапарында бірнеше мәселелер қозғалды.
Мектепті аралау барысында әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадағы орындарды тексеріп, жөндеуден өткеніне көз жеткізді.

1. Сыныптардың ішін аралау барысында орнатылған қол жуғыштың қозғалып тұрғанын және желіммен бекітілгенін көріп ескерту жасады.
2. Мектеп асханасына да тексеру жүргізіп, желдеткіш орнатып асхананы іске қосу керектігін ескертті.
3. Мектептің сыртын аралау барысында далада орнатылған канализациялық люктардың қақпағы дұрыс еместігін айтып, тіпті оларды пластмассамен жәй жауып қойғандарын ашып көрсетті.
4. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада мектептің артында орналасқан жылу жіберетін бөлігіне түсіп жағдай мән жайып біліп мердігер компанияға қалпына келтіру керектігін тапсырды.
Сапар барысында мектептің кемшіліктерін бірлесіп жойып, нысанды сапалы қалпына келтіру қажеттілігі ерекше атап өтілді. Бұл бағыттағы нақты тапсырмалар мердігер компанияға жүктелді.







