Синоптиктердің мәліметінше, көшпелі бұлт шығып, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнауы мүмкін.
Солтүстік-батыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен жел соғып, кей кездері екпіні 15–20 метрге дейін жетеді.
Ауа температурасы түнде +15…+17°C шамасында болса, күндіз +25…+27°C дейін көтеріледі.
Мамандар қала тұрғындары мен қонақтарына ауа райындағы өзгерістерді ескеріп, сақтық шараларын ұстануға кеңес береді.






