Top.Mail.Ru
Понедельник, 2 февраля, 2026
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Home Аймақ

Биыл Талдықорғанда кезектегі 2 мың азамат баспанаға ие болады

Бейбіт Исабаев Талдықорғандағы тұрғын үйлердің құрылысы барысымен танысты, деп хабарлайды alataunews.kz ақпарат агенттігі Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

by
30.04.2023
in Аймақ
Фото: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс басшысы алдымен Әлімжанов көшесіндегі 2021 жылы құрылысы басталған 20 және 40 пәтерлі тұрғын үйлерге барды. Бұл көппәтерлі үйлер бюджет қаржысына салынып жатыр. Бас мердігер компания «Құрылысшы ТБС» ЖШС өкілінің айтуынша, құрылыс жұмыстары мамыр айында аяқталады. Қадырғали Жалайыри даңғылы мен 8-ші шағын аудандағы тағы екі көппәтерлі үй меценаттардың қаражатына салынып жатыр. Ондағы пәтерлер халықтың әлеуметтік осал санатындағы кезекте тұрғандарға беріледі. Осы нысандардың құрылыс алаңында болған Бейбіт Исабаев кедергісіз ортаны қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды.

Ол сондай-ақ үйлердің сыртқы қасбеті қаланың сәулеттік келбетіне және эстетикалық талаптарға сай болуы тиіс екенін атап өтті.

8-ші шағын аудандағы тағы екі көппәтерлі үйді «Шымыр» ЖШС мердігерлік ұйымы 2021 жылы аяқталған. Бірақ абаттандыру проблемаларына байланысты әлі пайдалануға берілмеді. Оған мердігер ұйым «Монолит» ЖШС-ның жауапсыздығы себеп болған. Қала әкімі Ә. Масабаевтың түсіндіруіне қарағанда, сот шешіміне сәйкес құрылыс компаниясы инженерлік желілерді салуды аяқтады, бірақ ауланы абаттандыру жағынан тағы да кешіктіруде. Соның салдарынан кезекте тұрған 200-ге жуық отбасы көптен күткен пәтерлерінің кілтін ала алмай отыр.

Фото: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Айналма жолды аяқтауды тапсырған облыс әкімі Бейбіт Исабаев салынып жатқан 9-шы шағын аудан барлық жағынан қаладағы үлгілі ауданға айналуы керектігін атап өтті.

«Қасбеттердің сыртқы түрі, инфрақұрылымы, жайлылығы мен қауіпсіздігі жағынан және басқа да барлық параметрлер мен көрсеткіштер бойынша болашақ 9-шы шағын аудан үлгі болуға тиіс. Мұнда демалыс алаңдары, балалар ойын алаңдары, жасыл желек – барлығы да болуы керек. Ағаштарды отырғызып қана қоймай, суару жүйесін де жүргізу қажет. Талдықорған оңтүстік-батыс, шығыс бағыттарда одан әрі дамитын болады, бұл ретте барлық құрылыс нормалары мен ережелерін ұстануымыз керек», — деді Б. Исабаев.

Фото: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

1 of 2
- +

Ол сондай-ақ биыл Талдықорғанда 50-ден астам көппәтерлі үй, оның ішінде бюджеттік, коммерциялық, кредиттік тұрғын үйлер мен меценаттардың қаражатына салынып жатқан үйлер тапсырылатынын еске салды.

«Бүгінде Талдықорғанда тұрғын үй кезегінде 15 мыңнан астам адам тіркелген. Осы жылға жоспарланған тұрғын үй көлемін қамтамасыз етудің арқасында 1900-ден астам адам немесе кезекте тұрғандар санының 12-13 пайызы баспанаға қол жеткізеді, бұл – жаман көрсеткіш емес. Біз бюджет қаражатына үй салуды жалғастырамыз, меценаттар да қолдау көрсетеді. Мысалы, «Шымыр» ЖШС Текелі, Үшарал қалаларында, Ақсу ауданында үй тұрғызады. Ал келесі жылы «Самұрық-Қазына» АҚ Үкіметтің қаулысына сәйкес Талдықорғанда 7 көппәтерлі үй, Панфилов ауданында 80 пәтерлі үй, Сарыөзекте 60 коттедж салуды бастайды. Бұл облыс халқының өмір сүру сапасын жақсартуға үлкен көмек болып, қомақты үлес қоспақ. Алдағы жылдары да тұрғын үй құрылысының осы қарқынын сақтап қалуды жоспарлап отырмыз», — деп түйіндеген Бейбіт Исабаев құрылыстың сапасы мен мерзімінде аяқталуы тұрақты бақылауда болуы керектігін қатаң ескертті.

Фото: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

1 of 7
- +
Tags: баспанаЖетісу ауданыТалдықорған

Ұсынымдар

Желіде тараған Конституция туралы жалған ақпаратқа полиция пікір білдірді

02.02.2026

Алматы облысында 552 шақырым суару желісі жаңғыртылады

02.02.2026

Қазақстанда биік тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдау талаптары қатаңдатылды

02.02.2026

Тоқаев 3-4 ақпан күндері Пәкістанға барады

02.02.2026

Желіде тараған ЭЦҚ туралы ақпаратқа министрлік түсініктеме берді

01.02.2026

Жаңа Конституцияның жобасы жарияланды

31.01.2026
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Рус

© 2022-2024 www.alataunews.kz