Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Биыл Алматы облысында Ораза айында тегін такси қызметтері қарастырылады

Бүгінгі өткен баспасөз мәслихатының спикері Алматы облысының бас имамы Мадияр Пірімқұлов болды. Ол брифинг барысында Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінде жамағат тарауық намазынан кеш қайтатыны үшін тегін такси қызметтері қарастырылатынын айтты.

17.03.2023
Аймақ

«Ораза – күндіз тек ішіп-жеуден өзін шектеу деген сөз емес. Ораза – рухтың азығы, тәннің шипасы. Рамазан жан мен тәнді рухани тазартатын, мұсылман үшін үлкен сабыр мектебі. Аузы берік жандар әдеп білмес пенделердің өзіне жасаған кейбір оғаш іс-әрекеттерін көріп, тұрпайы сөздерін естісе де: «Мен оразамын», – деген бір ауыз сөзбен нәпсісіне тоқтау салып, сабыр сақтайды. Ал сабыр иесіне берілетін сый – жәннат», — деді бас имам.

Бас имамның ақпаратына сүйенсек, биыл пітір мөлшері 535 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады.

«Осы ретте кәсіпкер азаматтарды, сауда орталықтарының басшыларын қасиетті айдың құрметі үшін халқымыздың тұрмыс жағдайын ескеріп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын мүмкіндігінше 10 пайызға дейін төмендетіп, жеңілдік жасауға үндеймін. Рамазан айында арақ-шарап ішілмесе және дүкендерде сатылмаса, мүмкіндігінше ас-садақа, құдайы астар кешкі ауызашар уақытында өткізілсе деген ұсыныстар айтқымыз келеді», — деді Мадияр Тағайбайұлы.

Сондай-ақ бас имам Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінде 200 адамға ауыз ашар қоржыны таратылатынын айтты.

«Қонаев қаласындағы «Абай» мешітінде «Рамазан шатыры» құрылып, күн сайын 100 кісіге ауызашар дастарқаны жайылады. Сондай-ақ облысымыздың өзге мешіттерінде де күн сайын 10 мыңға жуық адамға ауызашар беріледі. Сондай-ақ Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінде жамағат тарауық намазынан кеш қайтатыны үшін тегін такси қызметтері қарастырылады», — деді бас имам.

Бұдан бөлек, биыл өңірдегі бірқатар мешітте тарауық намазында Құран хатым оқылады. Рамазан – Құран айы. Сол себепті, осы айда жергілікті мешіттерде Құран әліппесі мен намаз үйрету курстары жүргізіледі.

Айта кетейік, биыл Ораза айы 23 наурыз күні басталады. Ал сәуір айының 17-нен 18-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 21 сәуір – ораза айт мерекесі.

Тегтер: Алматы облысыораза

Соңғы жаңалықтар

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

19 ақпаннан бастап күшіне енді: қызылша анықталса, екпе алмаған балалар мектепке бармайды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Демалыс күндері ауа райы өзгереді: боран, жаңбыр және қатты аяз болжанды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы таныстырылды:

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Алатауда үй жануарлары азығын өндіретін зауыт салынады

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz