9 ақпанда «Өскемен-Шемонаиха – Ресей Федерациясының шекарасы» тас жолында Новосибирск қаласынан Өскеменге баратын жолаушылар автобусы ауа райының қолайсыздығына, қатты жел мен боранға байланысты қар құрсауында қалып қойды
Оларға Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары мен «Кажсервис» ЖШС техникасы көмектесті.
«Автобус салонында 23 жолаушы болды, оның ішінде 5 бала. Жол қызметтерінің техникасы жолды тазалап жатқанда, құтқарушылар қолдарына күрек алып көмектесті, ал адамдар автобуста күтті. Содан кейін ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері барлық жолаушыларды жол талғамайтын көлікпен эвакуациялап, жақын маңдағы елді мекенге жеткізді», — делінген ведомствоның хабарламасында.
Құтқарушылар тұрғындардан қолайсыз ауа райында елді мекендерінен шығып, өміріне қауіп төндірмеуін ескертті.