Оқиға 1 ақпанда болған. Шкаф үлкен топтағы бүлдіршіндердің үстіне құлаған. Балаларды қорғап қалмақ болған тәрбиеші де дене жарақатын алған.
«Жедел жәрдемге шақырту сағат 11.30-да келіп түсті. Зардап шеккендер саны 5, оның 4-уі бала. 1976 жылғы әйел адамның жамбас тұсының жұмсақ тіндері көгеріп қалған. Ол көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілді. Амбулаториялық бақылау тағайындалып, үйіне жіберілді», — дейді денсаулық сақтау басқармасы.
4 бала көпбейінді облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.