Арасында алғаш рет сайлауға келген азаматтар да бар. Солардың бірі — Балқаш ауданының тұрғыны, таяуда ғана 18-ге толған Мерей Кәдірхан.
«Бірінші рет дауыс беріп тұрғандықтан ерекше сезімде болдым. Себебі бұл мен үшін үлкен жауапкершілік. Азамат атанып, ел өміріндегі маңызды саяси оқиғаның бір қатысушысына айналғаныма қуанып отырмын», — дейді Мерей Кәдірхан.