Мобильді топ мүшелері 26 тамыз бен 31 тамыз аралығында Алматы облысының ауылдары мен ауылдық округтерінің тұрғындарына арнайы ақпараттық-түсіндіру кездесулерін ұйымдастырады. Ауылдық округ тұрғындарын жұмыспен қамтуды ұлғайту және еңбек табысын арттыру.
«Жобаның артықшылығы – 2,5 пайыздық жеңілдікпен несие беру, ауыл шаруашылығы техникасы мен құрал-жабдықтарын лизингке беру, кооперативтерге инвестициялық субсидия беру. Сонымен қатар, тұрғындар ауыл шаруашылығы саласының мамандарынан да кеңес ала алады», — дейді топ мүшелері.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 1 шілдедегі жағдай бойынша Алматы облысы халқының 50 пайыздан астамы ауылдық елді мекендердің тұрғындары – 1 647 667 адам.
Мобильді топ облыстағы 21 ауылды, 10 қала мен ауданды ақпараттық-түсіндіру кездесулерімен қамтуды жоспарлаған. Қазіргі таңда 12 ауылдық округты аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Айта кетерлігі, облыста 100 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді.