«Қазіргі уақытта Қонаев қаласына емес, облыс аумағына агроөндіріс секторының профильді ЖОО-дары – Ұлттық аграрлық университет пен Зооветеринарлық университетті көшіру үшін біз белсенді түрде инвесторлар іздер жатырмыз. Осы арқылы студенттер оқу мен қатар ауылда тәжірибе жинауына мүмкіндік жасаймыз», — деді Арслан Дандыбаев.
Осыған дейін облыс әкімінің орынбасары бірқатар ЖОО Алматыдан көшірілетіні туралы мәлімдеген еді. Ол мұндай шешім Алматы қаласындағы жол қатынасына түсетін жүктемені азайту және облыс тұрғындарына жұмыс көздерін ашып, жұмыс күшін ауылда сақтап қалу үшін қабылданып отырғанын айтқан болатын.