Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

«Ақжар» осы жазда ауыз сумен қамтамасыз етіледі — Досаев

Алматы қаласының әкімі Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуінде су құбырының құрылысын биыл аяқтауды жоспарлап отырғандарын айтты, деп хабарлайды Бесінші аймақ.

11.05.2023
Аймақ

Бұл су құбыры Ақсай су көзі мен «Ақжар» шағын ауданының 35 мың тұрғынын ауыз сумен қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

«Ақжар» ықшамауданының 35 мың тұрғынын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Ақсай бас су көзінің құрылысы аяқталмай тұрып, осы жылдың наурыз айында Алатау даңғылының бойында магистральдық су құбыры мен каскадты сорғы құрылысын бастадық. Бұл жобаны маусым айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз», — деді Ерболат Асқарбекұлы.

Сонымен қатар, әкім Наурызбай ауданындағы басқа да шағын аудандардағы су құбыры және кәріз желілерін жобалау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады. Билік 2025 жылға дейін Ақжар, Қарағайлы, Тастыбұлақ және Таусамалы шағын аудандарында 335 шақырым су құбыры және су бұру желісін салуды жоспарлап отыр. Бұл шағын аудандардың барлығы бұрынғы Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты ауылдар.

«Біз әкімдіктерге немесе сервистік компанияларға сенбейміз себебі, қайтадан сусыз қаламыз, жыл сайын осындай көрініске үйреніп қалдық. Биыл бірдеңе түзелуі екіталай», – дейді Жаңатұрмыс ауылының тұрғыны Айгүл.

Тегтер: АқжарАлматы облысыауыз суерболат досаев

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

19 ақпаннан бастап күшіне енді: қызылша анықталса, екпе алмаған балалар мектепке бармайды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Демалыс күндері ауа райы өзгереді: боран, жаңбыр және қатты аяз болжанды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы таныстырылды:

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz