Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматылық нейрохирургтар бұрын-соңды болмаған ота жасады

№4 ҚКА дәрігерлері мойны сынған ер адамды мүгедектіктен аман алып қалды. Дәрігерлер жаңа әдіске жүгініп, ауруханада бұрын-соңды жасалмаған ота жасады, деп хабарлайды Alataunews.kz

21.10.2022
Аймақ

48 жастағы науқас ауруханаға мойын омыртқасы қатты ауырғанына шағымданып түсті. Ауырғаны сонша, ол басын тіпті бұра алмай қалды. Тексеруден кейін науқас шұғыл түрде нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылған. Оған оның омыртқасына техникалық күрделі әрі сирек ота жасалды. Науқасты мүгедектіктен құтқару және оның өмір сүру сапасын сақтау үшін №4 ҚКА нейрохирург мамандары емдеудің бұл әдісін алғаш рет қолдануды ұйғарды. Пилоттық отаны нейрохирург Айтмұханов Тимур Мұратұлы жасады.

«Мойын омыртқасы 7 омыртқадан тұрады. Бірінші және екінші омыртқа көтеретін функционалдық жүктемеге байланысты түбегейлі ерекше мәнге ие. Бірінші омыртқа – Атлант, екінші омыртқа – Аксис. Олар бір-бірімен С2 омыртқасының тіс тәрізді өсіндісі мен атланттың алдыңғы доғасынан түзілетін Крювелье буыны арқылы байланысады. Омыртқаның бұл сегментінің маңыздылығы, түрлі авторлардың пікірінше, бас қозғалысының 50-ден 70%-на дейін осы бөлімде орын алатынында. Бірақ тіс тәрізді өсіндінің сынуы кезінде бұл функция зардап шегеді», — дейді дәрігер Тимур Айтмұханов.

Ота нәтижесінде науқас палатаға ауыстырылды, мойын омыртқасындағы қозғалыстар қалпына келтірілді. Нейрохирургтар импланттың жұмысын орнатқаннан кейін бірінші күні, бір айдан кейін, үш айдан кейін және алты айдан кейін тексереді. Бұл әдіс ауруханаға жатқызу ұзақтығын қысқартумен қатар, науқастың мүгедек болу қаупін де күрт төмендетеді.

Тегтер: ота

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

19 ақпаннан бастап күшіне енді: қызылша анықталса, екпе алмаған балалар мектепке бармайды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Демалыс күндері ауа райы өзгереді: боран, жаңбыр және қатты аяз болжанды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы таныстырылды:

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz