Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматыда қала маңына жүретін жаңа 10 қоғамдық көлік іске қосылады 

Алматы әкімдігі көлік қолжетімділігін жақсарту және қала маңындағы аймақтың тұрғындарын қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету үшін қала маңына қатынайтын 10 жаңа маршрутты іске қосуды жоспарлап отыр.

19.07.2023
Аймақ

Алматы әкімдігінің мәліметінше, жаңа маршруттар қала шегінен 50 шақырым радиуста орналасқан Алматы облысының Талғар, Іле, Қарасай және Жамбыл аудандарындағы бірқатар елді мекенді қамтитын болады.

«Жетісу базары – Дәулет кенті, «Алматы 1» теміржол вокзалы — Туғанбай кенті, Нұра, «Алматы 2» теміржол вокзалы – Тұздыбастау кентіндегі «Сұлтан» кешені, «Райымбек батыр» метро бекеті – Еламан кенті, «Саяхат» автовокзалы – Қараой кенті, «Сәлем» базары солтүстік айналма – Исаев кенті, «Адем» сауда үйі – Батыр кенті бағыттары бойынша жүреді. Сонымен бірге, Төле би-Яссауи көшелерінің қиылысындағы бұрылыстан Қарғалы, Шамалған және Мыңбаев елді мекендері бағытында бірнеше маршрут ұйымдастырылады», — делінген әкімдіктің хабарламасында.

Сонымен қатар биыл №9 жаңа қалалық маршрут іске қосылып, №97 және №89 екі жаңа маршруттың ашылуы жоспарланған. Жаңа маршруттар әлеуметтік маңызы бар қатынастарға және халық үшін қоғамдық көлікте жол жүрудің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында субсидиялауға жатады.

Айта кетейік, «Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы мен 2030 жылға дейінгі ортамерзімді перспективаға» сәйкес, 2024 жылдың соңына дейін Алматы қаласының әкімдігі қала маңындағы 30 жаңа маршрутты ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Тегтер: алматықоғамдық көлік

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

19 ақпаннан бастап күшіне енді: қызылша анықталса, екпе алмаған балалар мектепке бармайды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Демалыс күндері ауа райы өзгереді: боран, жаңбыр және қатты аяз болжанды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы таныстырылды:

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz