Жетісу ауданында миллион теңгенің дөңгелектерін ұрлады деген 24 жастағы жігіттер ұсталды.
«Олар Рысқұлов даңғылындағы қоймалардың бірінің құлпын бұзып, төрт дөңгелекті ұрлап кеткен. Жәбірленуші шығын көлемін 1 миллион теңгеге бағалаған. Күдіктілер ұсталды. Айғақты заттар тәркіленді және аса ірі көлемдегі ұрлық бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Ұсталған адамдарға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта тергеу олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр», – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.