Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматы облысының экс-бас полицейі сотқа мәжбүрлеп жеткізіледі

Сот отырысына төрт рет келмеген Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаев сотқа мәжбүрлеп жеткізілетін болды.

30.03.2023
Аймақ

Алматы облыстық Полиция департаментінің бұрынғы басшысына 10 наурызда генерал-майор Күдебаевқа қатысты үкім шығарылуы керек еді. Алайда оның сырқатына байланысты сот отырысы төрт рет кейінге шегерілді.

Жетісу облысы сотының хабарлауынша, қылмыстық іс бойынша сот отырысы 3 сәуір сағат 10:00-де өтеді.

Сотталушы сот отырысына келмеді. Сотталушыда бұған дәлелді себеп жоқ. Соған байланысты қылмыстық-процестік кодекстің 157 және 335 бабына сәйкес, Серік Күдебаевты көрсетілген уақытта мәжбүрлеп әкелу туралы қаулы шығарылды, делінген ақпаратта.

Еске салсақ, Серік Күдебаев 2020 жылдан 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарды. 58 жастағы полиция генерал-майоры қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Тергеу мәліметінше, ол қаңтар оқиғасы кезінде жұмыс орнын тастап, кетіп қалған. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде полиция департаментінен қару-жарақтар ұрланған.

Күдебаевтың соты биылғы жылдың қаңтарында басталды.

28 ақпандағы сот отырысында мемлекеттік айыптаушы судьядан күдікті Серік Күдебаевты тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Айыпталушының ауруханаға түсіп қалуына байланысты сот отырысы алғаш рет 10 наурызда кейінге шегерілген болатын.

Үкім шығарылады деп жоспарланған 16 наурыздағы сот отырысы да өтпей қалды. Жетісу облыстық сотының ресми өкілі 27 наурыздағы отырыс та кейінге шегерілгенін мәлімдеген.

Тегтер: Алматы облысыСерік КүдебаевСот

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

19 ақпаннан бастап күшіне енді: қызылша анықталса, екпе алмаған балалар мектепке бармайды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Демалыс күндері ауа райы өзгереді: боран, жаңбыр және қатты аяз болжанды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы таныстырылды:

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz