Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматы облысындағы 1029 мәселе кезең-кезеңімен шешіледі

Мұны Райымбек ауданы тұрғынының сұрағына жауап берген облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев айтты.

06.04.2023
Аймақ

Алматы облысы әкімінің Райымбек ауданы жұртшылығымен өткізген жиынында Шалкөде ауылының тұрғыны Қасымжан Рақымбеков елді мекендегі ауыз су, емхана, Мәдениет үйі мәселелері туралы бірнеше сұрақ қойды.

Тұрғынның сөзіне сүйенсек, ауылдағы емханаға жөндеу жасалмағалы 30 жылдан астам уақыт болған. Қазіргі таңда шатырынан су өтіп, электр жүйесіне зақым келген. Ал жылыту маусымында қанша от жақса да, нысан жылымайды, себебі, бар жылу бүлінген шатырдан сыртқа шығып кететін көрінеді.

«Емханаға жөндеу қашан жасалатынын білгіміз келеді. Екінші мәселе — ауыз су. 2020 жылы басталған құрылыс 2022 жылы аяқталуы керек болған. Бірақ, халыққа әлі су берілмеді, жұрт суды тасып ішіп отыр. Үшінші сұрақ — Мәдениет үйінің апатты деп танылып, сүріліп кетуіне байланысты болмақ. Жаңа нысан салына ма, жоспарда бар ма?», — деді Қасымжан Рақымбеков.

Тұрғынның мұң-мұқтажын тыңдаған өңір басшысы облыста 1029 проблема бар екенін, олардың кезең-кезеңімен шешілетінін айтты.

«Ең алдымен халық тығыз қоныстанған және денсаулық сақтау саласында ең өзекті мәселе болып тұрған жердің түйіткілі қаралады. Емхананың жобалық-сметалық құжаты дайын. Ал ауыз су мәселесіне келсек, мердігер компания құрылыс жұмысын осы жылдың қарашасына дейін аяқтауға міндеттелді. Ол міндетін орындамаса, құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, тиісті шаралар қолданылады», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Өңір басшысының мәліметінше, Шалкөде ауылында халық саны аз болғандықтан, әзірше, Мәдениет үйін тұрғызу жоспарланып отырған жоқ.

Тегтер: Алматы облысыауыз сумәселе

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

19 ақпаннан бастап күшіне енді: қызылша анықталса, екпе алмаған балалар мектепке бармайды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Демалыс күндері ауа райы өзгереді: боран, жаңбыр және қатты аяз болжанды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы таныстырылды:

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz