Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматы облысында жылан шаққан 9 жасар бала ауруханада көз жұмды

Алматы облысына қарасты Кеген ауылында тоғыз жасар баланы жылан шаққан. Бала ауруханаға дер кезінде жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады.

30.06.2023
Аймақ

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2023 жылы 27 маусымда сағат 13.35-те Кеген аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне 9 жасар бала жылан шағу диагнозымен өте ауыр хәлде түскен.

«Балаға жансақтау бөлімінде дезинтоксикациялық ем жасалып, схема бойынша екі реттік жылан уына қарсы сарысу жасалды. Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлерімен және Алматы қаласының токсиколог дәрігерінің қатысуымен консилиум өткізіліп, онлайн кеңес жасалды», – деп жауап берді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ведомство өкілінің мәлімдеуінше, аудандық ауруханаға Алматы қаласының № 1 қалалық балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының токсиколог және реаниматолог дәрігерлері арнайы барған, республикалық деңгейдегі анестезиолог-реаниматолог, токсиколог дәрігерлерімен консилиум өткізілген.

«Жансақтау бөлімінде науқасқа клиникалық хаттамаға сай емдік шаралары толық жасалды. Бірақ, интенсивті реанимациялық көмектің дер кезінде көрсетілгеніне қарамастан 2023 жылы 29 маусымда биологиялық өлім тіркелді», — делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, ауыл тұрғындарының сөзінше, осыдан бірнеше күн бұрын осы ауданда тағы бір адам жылан уынан қайтыс болған.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтаржыланКеген

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

19 ақпаннан бастап күшіне енді: қызылша анықталса, екпе алмаған балалар мектепке бармайды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Демалыс күндері ауа райы өзгереді: боран, жаңбыр және қатты аяз болжанды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы таныстырылды:

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz