Асыл Ваисов 1979 жылы туған. Білімі жоғары. Ол 2001 жылы Қазақтың мемлекеттік аграрлық университетін «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2005 жылы Орталық Азия университетінде «құқықтану» мамандығы бойынша білім алып, 2023 жылы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «іскерлік әкімшілік жүргізу» (MBA) бағдарламасы бойынша магистр дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2002 жылы қаржы полициясы органдарында қызмет етуден бастаған.
Әр жылдары «Рос Каз Секьюрити» ЖШС директорының орынбасары және директоры, «Арлан GROUP Секьюрити» ЖШС директоры қызметтерін атқарған. Сонымен қатар, Талғар ауданы кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, Панфилов ауылдық округінің әкімі, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары лауазымдарында жұмыс істеген.
Ал 2022 жылдың тамыз айынан бастап Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы қызметін атқарып келген.
Жаңа тағайындау өңірдегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру тиімділігін арттыруға бағытталған.






