Үш ай ішінде мобильдік топтармен 38 рейдке шығу жүзеге асырылып, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында 249 бұзушылықтар анықталды.
Көктемнің келуімен бағдаршамдар, жол белгілері, жарықтандыру орнатылып, жол жабындары жөнделіп жатыр. Райымбек, Жамбыл, Ұйғыр аудандарында ірі қара мал шағылыстыратын ленталармен қамтамасыз етілді.
Анықталған бұзушылықтар бойынша ҚазАвтоЖол-дың 3 лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке, сондай-ақ ҚазАвтоЖол мен «Казахавтодор» ЖШС ӘҚБтК 631-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды (Жолдарда жұмыстар жүргізу, жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа да жол құрылысжайларын күтiп-ұстау жөніндегі талаптарды орындамау).
Жоба шеңберінде прокуратура жол полициясымен бірлесіп 34 рейдтік іс-шараны жүзеге асырды, нәтижелері бойынша 1 290 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 34-і мас күйінде көлік құралын басқарған. Сонымен қатар, Еңбекшіқазақ және Жамбыл аудандарында балаларды бейімделмеген автокөлік құралдарымен, жүргізушілердің медициналық куәландыруысыз тасымалдау фактілері анықталды.
Жол қозғалысы ережелерін сақтауды насихаттау бойынша жұмыстар жүргізілуде, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде 30-дан астам материалдар жарияланды, жолдарда жол қозғалысы ережелерін бұзбауға шақыратын баннерлер орнатылды.
Нәтижесінде, биылғы жылы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда облыс жолдарында ЖКО санының 33%-ға (2022 жылы — 347, 2023 жылы — 231), зардап шеккендердің 41%-ға (2022 жылы — 584, 2023 жылы — 340), жараланғандардың 46%-ға (2022 жылы — 519, 2023 жылы — 276), қаза тапқандардың 32% (2022жылы — 65, 2023жылы — 44) төмендеуі байқалады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.