Атап айтқанда, 10 ҰОС ардагеріне 1 млн 500 мың теңге бір реттік жәрдемақы төленеді. Бұдан бөлек, КСРО кезінде әскер қатарында қызмет етіп, мүгедек болған 137 адамға 100 мың теңгеден беріледі.
Аталғандардан басқа, кәмелет жасына толмай жатып фашистердің тұтқынында болғандарға да 100 мың теңгеден, тыл қызметкерлеріне 30 мың теңгеден қаржы қарастырылған.
Биыл Тәжік-Ауған учаскесінде тапсырмаларды орындағандар, таулы Қарабақта майданда болғандар, Ирак соғысына қатысқандар да назардан тыс қалмайды. Олардың әрқайсысына 150 мың теңгеден төленбек.
Айта кетейік, облыста әр ай сайын ҰОС ардагерлеріне коммуналдық төлемдер үшін қаржы бөлініп отыр. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері қажеттіліктеріне қарай есту аппараттары, санаторлық-курорттық жолдамалар, қоларбалар, таяқшалар, протездік-ортопедиялық бұйымдар сияқты түрлі техникалық қосалқы және көмекші, гигиеналық құралдармен бірінші кезекте қамтылады.