Азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуын қадағалауды күшейту, азаптаулардың алдын алу және адамдарды заңсыз ұстау фактілері, сондай-ақ кезекші прокурорлар институтын дамыту және нығайту мақсатында облыс прокуратурасымен кезекші прокурорлардың байланыс номерлерін және прокуратура басшылығының жеке қабылдауын жүзеге асыру тәртібі туралы мәліметтерді орналастыра отырып, QR-код пен тақырыптық сайт әзірленді.
QR-кодтың мәні – смартфон камерасының көмегімен азаматтар кезекші прокурорлармен байланыса алады және жеке қабылдауына жазылу тәртібі туралы ақпаратты ала алады.
Азаматтарға өзара іс-қимылдың осы тетігінің қолжетімді болу үшін QR-кодтар құқық қорғау органдарының барлық әкімшілік ғимараттарына орналастырылды.