Алматы облысының прокуратурасы монополияға қарсы заңнаманы қолдану аясындағы талдау нәтижелері бойынша табиғи монополия субьектісі болып отырған «BeyazhTrans» ЖШС-ін әкімшілік-аумақтық бірліктің географиялық шекарасын бұза отырып, бірыңғай тариф арқылы Алматы облысының екі ауданындағы 9 ауылдық округінің (Жамбыл ауданы – 1 округ, Қарасай ауданы – 8 округ) халқын сумен жабдықтау бойынша іс-шаралар жүргізгенін анықтады. Сонымен қатар, екі ауданның халқын сумен қамтамасыз ету үшін әртүрлі су көздері пайдаланылған.
Жамбыл ауданы прокуратурасының қадағалау актісімен Жамбыл ауданы Қарғалы ауылының түрғындарын сумен жабдықтау тарифы 50%-дан аса мөлшерге, яғни 41,73 теңге/м3-ден 26,23 теңге/м3-ге дейін төмендетілді. Нәтижесінде, Жамбыл ауданы Қарғалы ауылының 30 мыңнан астам тұрғындарының құқықтары қорғалды.
Сонымен бірге, Талғар ауданының прокуратурасымен «Талғар Су» ШЖҚ МКК қызметінде белгіленген су тарифінің сақталуына талдау жүргізілді.
Соның нәтижесінде Талғар қаласы, Бесқайнар ауылы, Қотырбұлақ, Қызыл-Қайрат ауылдары су тарифінің сметалық құнына «Талғар Су» ШЖҚ МКК теңгерімінде тұрмайтын каналды тазарту бойынша шығыны негізсіз енгізілгені анықталды.
Аталған бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Нәтижесінде тарифтің бір кубы үшін 5 теңгеге арзандады. 65 мың азаматтың құқығы қорғалды.