112 жедел қызметіне Талғар қаласы аумағында, Байкал көшесі, 36-үй мекенжайында аттың құдыққа құлап кеткені туралы хабарлама түскен. Оқиға Талғар ауданы аумағында болған.
Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар департаменті құтқарушылары арнайы жабдық пен арқанның көмегімен жануарды абайлап жер бетіне шығарып, иесіне тапсырды.
Құтқару операциясы жедел әрі үйлесімді жүргізілген. ТЖД мәліметінше, ат ешқандай жарақат алмаған.






