1992 және 2001 жылы туған екі ер адамның жасаған қылмысы өткен жылы елді дүр сілкіндірді. Еріктілер 2022 жылдың мамыр айында 2005 жылы туған қыздың жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Қыз баланың денесі 1 маусымда өлі табылған.
Белсенділер қылмыскерлерге кесілген жаза — 15 жылдық мерзім тым жеңіл жаза деп санайды.
«Біріншіден, бұл қатыгездікпен кісі өлтіру, қызды алдымен олардың біреуі зорлаған, содан кейін оны көлікке салып алып тұншықтырған. Қыз ол кезде ес-түссіз жатқан. Кейін қылмыскер туысына қоңырау шалып, қыздың денесінен құтылуға көмектесуін өтінген. Содан кейін екеуі оны өлтіріп, денесін өртеп, көміп тастаған. Екіншіден, бұл кәмелетке толмаған қыз. Үшіншіден, қылмысты топ адам жасаған», — деді еріктілер.
Сонымен қатар, белсенділер сотталушылардың бірі сот залынан қашуға тырысқанын, сондай-ақ олардың бірінің әкесі жанжал шығарғанын хабарлады. Екі күдіктінің бірі кінәсін мойындаса, екіншісі апелляциялық шағым түсірген.