Қаңтардың 2-нен 3-не қараған түні сағат 00.00-ден бастап республикалық маңызы бар тас жол «Алматы-Шелек-Хоргос» бағыты және облыстық маңызы бар «Байсерке-Междуреченск» тас жолы жабылды.
Ал түнгі сағат 01.30-дан бастап республикалық маңызы бар «Алматы-Өскемен» тас жолы жабық.
Облыстағы жолдардың жабылуына қар аралас жаңбыр жауып, температураның төмен болуы себеп болып отыр.
Таңғы сағат 08.00-дегі хабарға сәйкес, жол сақшылары Қонаевтан Алматыға жолға шыққан көліктерді үш-үштен ғана жіберіп жатыр.