2023 жылғы 19 наурызда Алматы облыстық мәслихатының бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын депутаттарының сайлауы болып өтті.
Сайлаушылардың тізімдеріне 966 304 азамат енгізілді. Дауыс беруге 579 473 сайлаушы қатысты, олардың ішінде есептен шығару куәліктері бойынша – 117 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 2349 сайлаушы дауыс берді.
Кандидаттардың жалпы саны — 58.
Алматы облыстық мәслихаттың бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша депутаттарының сайлауының қорытындысы бойынша:
- № 1 сайлау округі бойынша – Кусаинов Ерболат Мусилимханович, 1973 жылы туған, «Қожай» ШҚ төрағасы, Балқаш ауданы Бірлік ауылының тұрғыны;
- № 2 сайлау округі бойынша – Горяной Сергей Владимирович, 1989 жылы туған, «АМФ 1- Имстальком» ЖШС атқарушы директоры, Қонаев қаласының тұрғыны;
- № 3 сайлау округі бойынша – Ерубаева Гульжан Жубаевна, 1970 жылы туған, №24 лицей директоры, Іле ауданы, Боралдай ауылының тұрғыны;
- № 4 сайлау округі бойынша – Орынбасаров Нұрсұлтан Жұмабайұлы, 1993 жылы туған, «Sagadat Batyr» спорт клубының негізін қалаушы, жаттықтырушысы, Іле ауданы М. Түймебаев ауылының тұрғыны;
- № 5 сайлау округі бойынша – Асылов Абай Ногаевич, 1968 жылы туған, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы, Іле ауданы Өтеген батыр кентінің тұрғыны;
- № 6 сайлау округі бойынша – Үшкемпіров Елдос Жақсылықұлы, 1978 жылы туған, «Жақсылық» ШҚ төрағасы, Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылының тұрғыны;
- № 7 сайлау округі бойынша – Молдашева Меруерт Сагындыковна, 1980 жылы туған, «A. Rich» ЖШС директоры, Жамбыл ауданы Қарғалы ауылының тұрғыны;
- № 8 сайлау округі бойынша – Бигельдиев Махаббат Садвакасович,1961 жылы туған, «Қазқайтажаңарту» РМК бас директоры, Қарасай ауданы Қаскелен қаласының тұрғыны;
- № 9 сайлау округі бойынша – Бектасов Женис Амангелдиевич, 1962 жылы туған, «Ж-Каскелен» ЖШС-нің директоры, Қарасай ауданы Бекболат ауылының тұрғыны;
- № 10 сайлау округі бойынша – Адильханов Серикхан Саметович, 1963 жылы туған, «Айкөл» ЖШС құрылтайшысы, Қарасай ауданы Улан ауылының, тұрғыны;
- № 11 сайлау округі бойынша – Жазыкпаева Жанна Тастемировна, 1966 жылы туған, «Баян Ауыл-Моторс» ЖШС директоры, Қарасай ауданы Абай ауылының тұрғыны;
- № 12 сайлау округі бойынша – Тусибиянова Гульжан Нурбековна, 1985 жылы туған, «Art sport edu RK» ОИПФ төрағасының орынбасары, Талғар ауданы Талғар қаласының тұрғыны;
- № 13 сайлау округі бойынша – Сембаев Амангельды Тлеубердинович, 1969 жылы туған, «Тас Агросервис» ЖШС құрылтайшысы, Талғар ауданы Талғар қаласының тұрғыны;
- № 14 сайлау округі бойынша – Нурдаулетов Султан Нургаипович, 1963 жылы туған, жеке кәсіпкер, Талғар ауданы Төнкеріс ауылының тұрғыны;
- № 15 сайлау округі бойынша – Абитов Ерик Азильжанович, 1979 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының тұрғыны;
- № 16 сайлау округі бойынша – Кураметова Гульнара Съездбековна, 1964 жылы туған, Еңбекшіқазақ аудандық «№1 ауруханасы Шелек ауылы» КММ бас дәрігері, Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының тұрғыны;
- № 17 сайлау округі бойынша – Ақберген Қияс Жапарбекұлы, 1965 жылы туған, «Киікбай Строй Сервис» ЖШС-ның бас директоры, Еңбекшіқазақ ауданы Байдібек би ауылының тұрғыны;
- № 18 сайлау округі бойынша – Алиев Нурбол Маджитович, 1963 жылы туған, Нарынқол орман шаруашылығы КММ директоры, Райымбек ауданы Нарынқол ауылының тұрғыны;
- № 19 сайлау округі бойынша – Илахунов Абдуманап Аблахаевич, 1969 жылы туған, «Ұйғыр ауданының Су құбыры» ҚМУ директоры, Ұйғыр ауданы Шонжы ауылының тұрғыны сайланды.
Әрбір саяси партияға берілген дауыстар келесідей бөлінді:
2023 жылғы 19 наурызда Алматы облыстық мәслихатының депутаттарының сайлауы болып өтті.
Сайлаушылардың тізімдеріне — 966 304 азамат енгізілді. Дауыс беруге — 579 734 сайлаушы қатысты, олардың ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 328 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 2 349 сайлаушы дауыс берді.
Сайлауға 6 саяси партия қатысты.
Саяси партиялар үшін дауыс саны:
- «Amanat» партиясы — 403 950 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 71,28%;
- «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы — 78 726 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 13,89%;
- «Respublica» партиясы — 10 038 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 1,77%;
- Қазақстан Халық партиясы — 12 583 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 2,22%;
- Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы — 9662 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 1,70%;
- «Ақ Жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы — 19511 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 3,44%;
- «Бәріне қарсымын» белгісі бар сайлау бюллетеньдер саны — 32 270.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының бес және одан көп процентін алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттардың былайша бөлінгені белгіленсін:
- «Amanat» партиясы — 16;
- «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы — 3;
- «Respublica» партиясы — 0;
- Қазақстан Халық партиясы — 0;
- Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы — 0;
- «Ақ Жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы — 0;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы — 0.