«Биыл Алматы облысының 375 жас тұрғынына 2,5 пайызбен шағын несие беру үшін 1,9 млрд теңге бөлінді. Тұрғындарға қаражат еліміздің «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ тарапынан беріледі», — делінген хабарламада.
Мамандардың мәліметінше, несиені жұмыссыз, кәсіпкер жастар ала алады. Және бизнес өкілдерінің жеке кәсіпкер ретінде тіркелген уақыты 5 жылдан кем болуы тиіс.
«Қазіргі таңда кәсіпкерлерге қаражат беру үшін облыста арнайы комиссия құрылды. Осы күнге дейін тұрғындардан 190-ға жуық өтініш түсті», — дейді мамандар.
Ал несие алудың шарты мен ережесі келесідей:
• несие 5 жылға беріледі, мал шаруашылығымен айналысатындарға 7 жылға дейін;
• несиенің максималды сомасы 5 млн теңгеге дейін;
• кепілдікке қойылатын мүліктің болуы шарт;
• берілген соманың жеңілдетілген мерзімі бар уақыттың үштен бір бөлігін құрайды;
• кәсіпкерлер ҚР Салық кодексіне сай тіркелген болуы тиіс.