Із-түзсіз жоғалған жасөспірім туралы мәліметті Instagram желісіндегі ресми парақшасында LIDER.KZ еріктілері орналастырған.
Берілген дерекке сәйкес, Щербинин Денис Валерьевич, 2009 жылғы 13 желтоқсанда туған, 2025 жылдың 2 қазанында жоғалып кеткен. Сол күні шамамен сағат 15:00-де ол Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Қаракемер ауылында орналасқан кәсіби колледжден (Орымбетова көшесі, 85-үй) шығып, қайта оралмаған.
Жасөспірімнің белгілері: бойы 170–175 сантиметр, арықша денелі, шашы қара түсті. Жоғалған кезде үстінде қара-көк түсті күртеше, капюшоны бар сұр худи және қара шалбар болғаны айтылды.
Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жасөспірімнің жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтар еріктілерге немесе құқық қорғау органдарына хабарласуы сұралады.






