Министрліктің мәліметіне сүйенсек, ғасыр жасаған қарттардың ең көбі Алматы қаласында тұрады – мұнда 58 қария бар. Екінші орында Түркістан облысы (53 адам), ал үшінші орында біздің өңір – Алматы облысы, мұнда 37 ұзақ ғұмыр иесі өмір сүріп жатыр.
Ең қарт кейуана – 115 жаста
Еліміздегі ең қарт адам – Ұлытау облысында тұратын кейуана. Жақында ол 115 жасқа толды. Сондай-ақ, Павлодар облысында жасы 113-тен асқан қария, Жамбыл облысында 110 жасқа келген адам бар екені хабарланды.
Ертең, яғни 1 қазанда – Қазақстанда Қарттар күні аталып өтеді. Бұл мереке 1990 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының шешімімен халықаралық деңгейде бекітілген болатын.
Қоғамда үлкенге құрмет, қартқа ізет көрсету – ұлттық дәстүріміздің асыл қазынасы. Әсіресе, Алматы облысындағы 37 ғасыр жасаған қария – жас ұрпаққа өнеге, парасат пен тектіліктің символы.






