Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ Алматы облысы

Бүгін Алматы облысы мен бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

6 мамырда Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
06.05.2024
Алматы облысы, Жаңалық, Қоғам

Солтүстік Қазақстан облысында түнде 1-6 градус үсік болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Петропавл қаласында 6 мамырда түнде 1-3 градус үсік болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр.

Астана қаласында түнде 1-3 градус үсік болады.

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні секундына 15-20 метр. Орал қаласында 6 мамыр жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

Павлодар облысының батысынды, солтүстігінде 2 градус үсік, облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман болады. Батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр болады.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында тұман, күндіз облыстың солтүстігінде найзағай болады. 6 мамырда облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қаласында 6 мамырда түнде тұман болады.

Ақтөбе облыстың солтүстігінде 3 градус үсік сақталады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15 м/с болады. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі болады. Ақтөбе қаласында 6 мамырда түнде 1-3 градус үсік сақталады.

Атырау облысының шығысында найзағай болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз екпіні секундына 15-20 метр болады. Түнде 1-6 градус үсік болады. Қостанай қаласында 6 мамырда оңтүстік-батыстан жел, күндіз екпіні секундына 15-20 метр болады. Түнде 1-3 градус үсік болады.
Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр болады. Түнде 1-6 градус үсік болады. Көкшетау қаласында 6 мамырда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік болады.

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр болады. Түнде 1-6 градус үсік болады. Көкшетау қаласында 6 мамырда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік болады.

Ұлытау облысының оңтүстігінде тұман болады. Облыстың орталығында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай болады. Солтүстік-батыстан жел соғады облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус үсік болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қаласында 6 мамырда түнде топырақтың бетінде 2 градус үсік болады.

Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, түнде облыстың шығысында қатты жаңбыр болады. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр.

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр болады. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз таулы және тау бөктерлі аудандарында кей уақыттарда найзағай, дауыл. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. Шымкент қаласында 6 мамырда кей уақыттарда найзағай, дауыл болады. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. Түркістан қаласында 6 мамырда түннің бірінші жартысында кей уақыттарда найзағай, дауыл болады. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай болады. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтау қаласында 6 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Абай облысында жаңбыр болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай болады. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр болады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл. Жел батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, найзағай кезінде 18-23, кей уақытта екпіні 29 м/с. Алматы қаласында 6 мамырда түнде қатты жаңбыр болады. Кей уақытта найзағай, бұршақ. Батыс желі, найзағай кезінде секундына 15-20 метр. Қонаев қаласында 6 мамырда кей уақытта найзағай болады. Жел батыстан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 18-23 м/с.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтаржаңбыр

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

19 ақпаннан бастап күшіне енді: қызылша анықталса, екпе алмаған балалар мектепке бармайды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Демалыс күндері ауа райы өзгереді: боран, жаңбыр және қатты аяз болжанды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы таныстырылды:

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz