Студенттер күнінің қарсаңында облыс белсенділеріне «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің атынан алғыс хат табысталды.
«Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері болашақ ортақ жұмысқа белсене қатыса отырып, мемлекетіміздің дамуына, гүлденуіне үлес қосуына уәде берді. Бұл жастарымыздың мемлекеттің болашағы атануына лайық екенінің бірден бір дәлелі.
«Жастар Рухы» жастар қанатының Алматы Облыстық филиалы марапат иегерлерін шын жүректен құттықтап, болашақ жұмыстарының жемісті де жеңісті болуына тілек білдірді.