Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматы облысы: Нидерланд компаниясы өңірдегі кәріз тазарту жүйесін жаңартуға мүдделі

Бүгін облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев кезекті инвесторлар тобымен кездесу өткізді.

07.11.2022
Аймақ
Фото: Дмитрий Ерофеев

Фото: Дмитрий Ерофеев

Бұл жолы Қонаев қаласы маңындағы тозығы жеткен кәріз-тазарту жүйесін жаңарту мәселесі талқыланды.

Басқосуға өңір басшысының орынбасары Арслан Дандыбаев, қала әкімі Нұрлан Құматаев, кәсіпкерлік, энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, өңірлік даму басқармасының өкілдері қатысты.

«Dutch Clean Group (DCG) – суды тазарту саласында 60 жылдан астам тәжірибесі бар халықаралық жетекші компания.  Біздің мақсатымыз суды фильтрлеу арқылы адамдардың қолайлы өмір сүруін қамтамасыз ету», — деді компанияның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Алмас Лепесбаев.

Фото: компанияның таныстырылымынан

Оның айтуынша, DCG серіктестігі заманауи SBR биореактор технологиясы бойынша жүмыс жасайды. Және басқа серіктестіктерге қарағанда біршама артықшылықтары бар:
•  жобаны іске асыру кезінде жылдам әрекет ету;
• тиімді бағада кәріз тазарту жүйесін (КТЖ) салып, қысқа уақыт ішінде қолданысқа беру;
• толықтай автоматтандырылған жүйе су тарифінің төмен болуына әсер етеді. Сондай-ақ электр энергиясы айтарлықтай үнемделеді;
• артық тұнбаның түзілуін 40% төмендету арқылы тазартуға қойылатын қондырғының көлемі кішірейтіледі, яғни КТЖ қазіргідей үлкен аумақты алмайды;
• тазартылған су тұнбасын қаланы жылыту, жер құнарын арттыру үшін қайта пайдалануға болады. Бұдан бөлек, шаруашылық, иррегация мәселесін шешуге де мүмкіндік туады.

Фото: компанияның таныстырылымынан

«Біз Қонаев қаласы жанындағы құрылысқа қолайлы шарттарды қамтитын ашық бизнес-модельді қолдана отырып 100% инвестиция құюға ниеттіміз. Сонымен қатар жоба пайдалануға берілген соң, 5 жылдан 20 жылға дейін техникалық қызмет көрсетуді өз мойнымызға аламыз. Ал қаладағы муниципалитеттер ағынды суды тазарту қондырғыларын салу және күтіп ұстау үшін инвестиция құю орнына DCG компаниясына ай сайын қаржы аударып отырады», — деді Алмас Лепесбаев.

Өкілдік басшысының мәліметінше, керекті құжаттарды реттеу, мемлекеттік сатып алуға қатысу, келісім-шартқа отыру, құрылыс секілді барлық іс-әрекеттер жасалғанда, КТЖ 2 жыл ішінде қолданысқа беріледі.

«Қонаев қаласы КТЖ суын пайдаланып отырған жалғыз қала емес. Шаһар маңында бірнеше елдімекендер бар. Бұған қоса, Алматы мен Қонаев қаласы аралығына 4 қала салуды жоспарлап отырмыз. Сондықтан облыс орталығына  келіссөз жүргізуге келіп жатқан инвесторлар ағыны көп», — деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Басқосу соңында өңір басшысы жауапты мамандарға аталған жобаны ары қарай зерттеп, құжаттарды реттеуді тапсырды.

Тегтер: инвестор

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

19 ақпаннан бастап күшіне енді: қызылша анықталса, екпе алмаған балалар мектепке бармайды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Демалыс күндері ауа райы өзгереді: боран, жаңбыр және қатты аяз болжанды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы таныстырылды:

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz